Лондонның алпауыты “Қайратты” мойындады. Алматылықтар тұманды Албионға қонаққа барады

30.08.2025, 18:00

"Арсеналдың" ресми сайты Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ойындар алдында өз жанкүйерлеріне "Қайратты" таныстырды.

Лондонның алпауыты “Қайратты” мойындады. Алматылықтар тұманды Албионға қонаққа барады

"Қайрат” тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығып, әсерлі серпіліс жасады. Жолда олар Словендік "Олимпияны”, Финляндия чемпионы "КуПС"-ті, Братиславаның "Слованын” тізе бүктірді, ал шешуші сәтте Шотландияның "Селтигін" пенальти сериясында жеңіп, бүкіл қала үшін тарихи кешті сыйлады.” делінген хабарламада.

"Қайрат” Еуропаның басты клубтық турнирінің топтық кезеңіне жеткен Қазақстан тарихындағы екінші команда атанды. Бұған дейін мұндай жетістікке тек "Астана” (2015/16) қол жеткізген еді.

Бұған дейін "Арсенал" "Қайратпен" ресми кездесулерде жолықпаған. Қазақстандық клубтардан ағылшын Премьер лигасының өкілдеріне қарсы ойнаған жалғыз команда "Астана". Ол 2019/20 жылғы маусымда Еуропа лигасында "Манчестер Юнайтедке” ал 2024/25 жылғы маусымда Конференциялар лигасында "Челсиге” қарсы шыққан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×