Sports.kz сайтының мәлімдеуінше әйгілі неміс маманы Лотар Маттеус Мирослав Беранектің орнына «Астана» клубының жаңа бапкері болуы мүмкін. Бапкер ретінде Маттеус Венаның «Рапид» және «Ред Булл Зальбург», Сербияның «Партизан», Бразилияның «Атлетико Паранаэнсе», Израильдің «Маккаби» клубтарында бапкерлік қызметте болған. Ал ұлттық құрамалардың ішінде Венгрия мен Болгарияның тізгінін ұстаған. 2003 жылы Сербия мен Черногорияның чемпионы атанған.
Чех маманы орнынан кеткеннен кейін «Астана» клубына румын бапкері Йоан Андоне келеді деген ақпараттар айтылған. Енді ол тізімге Лотар Маттеус қосылып отыр.
Біздің серіктес: FONBET