«Лозанна» - «Астана» кездесуінде кім төреші болады?

02.08.2025, 16:37

UEFA Конференциялар Лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы «Лозанна» - «Астана» матчын Польша елінен келген төрешілер бригадасы жүргізеді.

«Лозанна» - «Астана» кездесуінде кім төреші болады?

Алғашқы ойында бас төреші қызметін Лукаш Кузьма атқарады. Оған Якуб Винклер мен Петр Подбельски қапталдағы көмекші ретінде көмектеседі. Төртінші төреші – Дамиан Кос. VAR жүйесінде Павел Малец жұмыс істесе, оның көмекшісі Петр Урбан болады.

Бұған дейін Лукаш Кузьма Конференция лигасының екінші айналымында «Интер» - «Олимпия» кездесуінде бас қазы болған еді. Сондай-ақ, ол Польша Суперкубогында «Лех» - «Легия» ойыны да сеніп тапсырылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×