«Лозанна» - «Астана»: Швейцариялық клубтың Еурокубоктік тәжірибесі жоқ, ал елордалықтарда жетіп артылады. «Астана» тағы қандай басымдыққа ие?

07.08.2025, 16:54

Бүгін түн ауғанда «Астана» сырт алаңда швейцариялық «Лозанна» клубымен шеберлік байқасады.

«Лозанна» - «Астана»: Швейцариялық клубтың Еурокубоктік тәжірибесі жоқ, ал елордалықтарда жетіп артылады. «Астана» тағы қандай басымдыққа ие?
"Астана" ФК футболшылары

Бұл КЛ 3-іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесу. Жауапты матч 14-тамызда «Астанада» болады. Командалардың бірінші бәсекесі қарсаңында «Аладоп.кз» белгілі бапкер Болат Есмағамбетовпен сұқбаттасып, елордалық команданың мүмкіндігі мен қарсыласының әлеуеті жайлы пікірін білген болатын.

- «Астананың» Еурокубоктік тәжірибесі қарсыласынан анағұрлым мол. Осы фактор қаншалықты рөл ойнап кетуі ықтимал?

- Бұл жерде «Лозаннаның» басты проблемасы – ойын тәжірибесінің болмауымен байланысты деп есептеймін. Бізде ондай мәселе жоқ. Швейцарияда чемпионат енді басталып жатса, бізде біріншіліктің бел ортасынан асып кеткен. Одан кейін швейцариялық клубтың негізгі футболшылары жарақат алыпты дейтін ақпарат бар. Бапкерлері де жаңадан келіп жатқанға ұқсайды. Бүгін «Астана» қарымта шабуылдарға иек артатын сияқты. Ал «Лозанна» керісінше шабуылға ден қояды. Олар өз алаңындағы матчта тиімді нәтижеге қол жеткізіп, қарымта ойын алдында біраз басымдық алуға тырысады. Десе де, елордалықтардың Еурокубоктік тәжірибесі жеткілікті. Бұл фактор өз әсерін тигізуі тиіс. «Астана» сапында жоғары деңгейлі ойындарды көрген футболшылар бар. Сол сияқты елордалық команда кезінде «Лозаннадан» да мықты клубтарды қапы қалдырғанын жақсы білеміз. Біздің командаға сол тәжірибесі септігін тигізеді деп сенеміз. Қалай дегенде де, бірінші бәсекеде ұтылмау керек, тең ойнап қайтса да жаман емес. Тіпті, бір гол айырмасымен жеңілсе де ешетеңе жоқ. Мұндағы жеңімпаз командалардың өз алаңындағы ойынында анықталады. Бір жағынан бірінші ойынды сыртта өткізетіні дұрыс болған, жауап матчта қарсылас жайлы ақпараты болады дегендей. Енді «Астана» мен «Қайратымыз» келесі кезеңге өтіп жатса, керемет болатын еді деп ойлаймын.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×