Конференция лигасының үшінші айналымының қарымта ойыны алдында Швейцария клубының бас бапкері Петер Цайдлер өз ойын айтты.
– «Чартерлік рейспен ұшып, Астанаға келгеннің арқасында бизнес-класстың қызығын көрдік. Бұл жеті сағаттық сапардан кейінгі шаршауды жеңілдетуге жеткілікті болды.», – деді бас бапкер Питер Зайдлер.
Астанаға келгеннен кейін ол былай деді:
– «Астана Арена стадионын көрген сәтте өзімізге: «Міне, Еурокубок осындай болады екен!» – дедік. Біз бұл тамаша атмосфераны бастан өткеруді асыға күтеміз. Бұл біз үшін кедергі емес, керісінше, үлкен мотивация көзі».
Бірінші матчтағы екі голдық артықшылыққа тоқтала отырып, Зайдлер ескертті:
– «Бірінші матчтан кейінгі екі гол бұл ешқандай кепілдік емес. Егер қарсылас гол соқса, қауіпті болады. Бірақ біз батылдық танытып, өз ойынымызды көрсеткіміз келеді, әрі үйге жеңіспен оралғымыз келеді», – деді Питер Зайдлер.