“Лозаннаның” ең қымбат ойыншысы “Астанаға” қарсы ойыннан шет қалады

22 жастағы Элвин Санчес наурыз айынан бері жарақатын емдетіп келеді.

“Лозаннаның” ең қымбат ойыншысы “Астанаға” қарсы ойыннан шет қалады

Жас жартылай қорғаушы 22 наурыз күні Швейцария құрамасында Солтүстік Ирландияға қарсы кездесуде алғаш рет дебют жасады. Алайда дәл сол кездесуде Элвин ауыр жарақат алып, ұзақ мерзімге дейін футболдан шеттеліп қалды. 

Сол ойыннан кейін Санчес “Лозаннаның” 15 матчын жіберді. 

Крест байламын жарақаттап алған жартылай қорғаушы 30 қазан күні қатарға қосылады деген ақпарат бар. Осыдан қарап Элвиннің “Астанаға” қарсы Конференция Лигасы кездесуін өткізіп алатынына көзіміз жетіп отыр.

Айта кетейік, 22 жастағы жартылай қорғаушы трансферлік құны 37 млн еуроны құрайтын “Лозанна” командасының ең қымбат ойыншысы саналады (14 млн еуро).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ФК Астана
Aladop Youtube
×