Луи ван Гаал үшінші мәрте Нидерланды құрамасын тізгіндеді

04.08.2021, 23:52
Келісім-шарт әлем чемпионатының соңына дейін жасалды.
Луи ван Гаал үшінші мәрте Нидерланды құрамасын тізгіндеді

Луи ван Гаал Нидерланды құрамасының жаңа бас бапкері атанды. Бұл туралы ұлттық құраманың ресми сайтында хабарланды.

Маманмен келісімшарт келер жылдың соңында Катарда өтетін 2022 жылғы әлем чемпионатының соңына дейін есептелген. Ван Гаалдың бапкерлер штабында Дэнни Блинд, Франс Хук және Хенк Фрейзер жұмыс істейді.

Ван Гаал 2000-2001 және 2012-2014 жылдар аралығында Нидерланды құрамасын жаттықтырды. Оның жетекшілігімен команда 2014 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Маман соңғы рет 2014-2016 жылдары "Манчестер Юнайтедте" қызмет атқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×