Луи ван Гал: Біз Аргентинадан кеткен есені қайтарғымыз келеді

07.12.2022, 02:46
Луи ван Гал: Біз Аргентинадан кеткен есені қайтарғымыз келеді


Нидерланды бапкері Луи ван Гал Аргентинаға қарсы 1/4 финалдық ойында не күтетінін айтты.


"Біз 1/4 финалмен тоқтағымыз келмейді, себебі біз әлем чемпионы болғымыз келеді. Бәрі мүмкін. Тек сол мақсатымызда тоқтамауымыз керек.


Бізге Аргентинадан кеткен есеге жауап қайтару керек. Месси - жалғыз өзі ойын тағдырын шешіп кетуге шамасы жететін ойыншы. 2014 жылы ол бізге қарсы матчта бірде-бір рет допқа жанаспады, бірақ, команда пенальти сериясында жеңілді. Нидерланды кек алуға дайын!".


Еске салайық, Нидерланды "альбиселестеге" қарсы 1/4 финалдық ойынды 9 желтоқсан күні өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×