Луи ван Гал обырдан айыққанын мәлімдеді

12.07.2025, 13:00

Нидерландиялық бапкер Луи ван Гал ауыр дертпен күрескеннен кейінгі жағдайы туралы айтты. Бірнеше жыл бұрын оның қуық асты безінің  қатерлі ісігіне шалдыққаны белгілі болған еді.

Луи ван Гал обырдан айыққанын мәлімдеді

“Қатерлі ісік қазір мені алаңдатпайды. Екі жыл бұрын бірнеше ота жасалды. Алғашында жағдай өте нашар болды. Бірақ бәрі жақсы аяқталды, енді бәрін еңсеріп келемін. Әр бірнеше ай сайын тексеруден өтіп тұрамын, әзірге бәрі жақсы. Өзімді күннен күнге жақсырақ сезінудемін.” – деді ван Галдың ESPN басылымында.

Айта кетейік, 73 жастағы Луи ван Гал бапкерлік мансабында "Манчестер Юнайтед”, "Аякс”, "АЗ Алкмар”, "Барселона”, “Байерн Мюнхен" клубтарын және Нидерланд құрамасын жаттықтырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×