Луис Суарес: "2014 те "Реалға" ауыса жаздадым"

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
19.02.2024, 14:39

"Интер Майамиде" доп теуіп жүрген шабуылшы кезінде "Реалдың" жейдесін киюі мүмкін еді. Бірақ, тағдыр жолы мүлде басқа бағытта болды

Луис Суарес: "2014 те "Реалға" ауыса жаздадым"

Уругвайлық сұрмергеннің айтуынша “корольдік клуб“ оған 2014 жылы Әлем чемпионатының алдында құда түсуді жоспарлапты. “Менің агентім “Реалмен” келіссөздер жүргізді. Олар Бенземаны “Арсеналға” сатып жіберуді ойлаған. Бірақ, Әлем чемпионаты басталған кезде “Барселона” ұсыныс жасаған болатын. Осыдан кейін “Барсаны” таңдадым” деген еді уругвайлық шабуылшы,

Естеріңізде болар, Луис Суарес “Барселонаның” сапында 4 рет Испания чемпионатында топ жарып, 2014/15 жылғы маусымда Чемпиондар лигасын ұтқан еді.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×