Әлем жанкүйерлерінің назары Африка мен Азия кубогінің шешуші матчтарында. Екі турнирде де жартылай финал мен финалдық ойын қалды. Еуропаның үлкен бестігіндегі чемпионаттар да өзінің ретімен жүруде. Бір сөзбен айтқанда дүние доптай домалап жатыр. Анау айтқанда ерекше ештеңе байқалмайды. Осындай «өліарада» Луис Суарестің бір сұқбатын оқи отырыңыздар. Дәлірек айтсақ, ұнаған материалдың қызықты деген жерлерін кертіп-кертіп ұсынамыз.
«Уругвайдың көшелерінде жалаңаяқ доп тебетінбіз. Біздің өмір осындай еді. Мен әке-шешеме аяқ-киім әпер дей алғам жоқ. Біздің Еуропадан айырмашылығымыз да осында. Мұнда барлығы әлдеқайда қолжетімді. Оны алғаш Голландияда көрдім. Мұндағы 17-18 жастағы балалардың өзінде автокөлік бар. Және жай мәшіне емес - Ауди! Уругвайда бұл түсіңе де кірмейді. Бірақ бұл біздің басты артықшылығымыз екен. Сенде барлығы бола тұрып, алаңда жаныңды салмайтының түсінікті емес пе?»
«Кейбірі мені матч кезіндегі мінезім үшін сынға алып жатады. Адамдар кейде мені алаңнан тыс та осындай деп ойлайды дейді әйлелім. Көпшілік Суарес өмірде де осындай ашушаң, қыршаңқы шығар, күйеуінің осындай халіне қалайша төзеді екен деп әйеліме аянышпен қарайтын секілді. Бірақ, мүлде олай емес. Алаң мен ойынннан тыс мен екі бөлек адаммын.»
Еуропаға, Нидерландыға сүйіктісін көру үшін, өмірлік арманын орындауға тәуекел етіп келген уругвайлық жігіттің басынан талай қиын сәттер өтті. Бақытты шақтары көбірек секілді. Соның біреуі ғана, Луистің жасыл алаңдағы ойынын қызы дүниеге келгеніне небары 15 ақ күндігінде тамашалаған екен.
Біздің серіктес: FONBET