Луис Суарес өз отанында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

24.10.2020, 20:39
Шабуылшы жас балалар мен жүкті әйелдерге көмектесіпті.
Луис Суарес өз отанында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

"Атлетико" мен Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес қайырымдылық мақсатында 1000 гамбургер сатып алды. Осылайша, 33 жастағы шабуылшы Уругвайда ауруханада жатқан балалар мен жүкті әйелдерге қолдау көрсетті, деп хабарлайды McDonald’s өзінің Twitter парақшасында.

Суарес өз отанында өткізіліп жатқан акция аясында 1000 бургердің әр данасын 4,75 еуроға сатып алды. Ол сатып алудан түскен қаражатты Ronald McDonald House Assosation қауымдастығына және Liceo Impulso мектебінің балаларына аударды.

Шабуылшы барлық сатып алынған гамбургерлерді Монтевидео маңында орналасқан Пандо қаласының балаларына тапсырған көрінеді.

Еске салайық, 33 жастағы Суарес 25 қыркүйек күні "Барселонадан" "Атлетикоға" ауысқан болатын. Луис "Атлетико" үшін барлық турнирлерде 5 матчқа қатысып, 3 гол соғып үлгерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×