«Барселонаның» шабуылшысы Луис Суарес «Ювентуспен» жеке келісімшарт туралы келісімге келді. Енді тараптар уругвайлық шабуылшы мен "Барселона" арасындағы келісімшарттың тоқтатылуын күтуде, деп жазады журналист Гиллем Балаге өзінің «твиттер» парақшасында.
Луис Суарес «Барселонаға» 2014 жылы «Ливерпульден» 82 миллион еуроға ауысып келген брлатын. Шабуылшының қазіргі келісімі 2020/2021 маусымының соңына дейін есептелген, бірақ бас бапкер Рональд Куман уругвайлықты қолданғысы келмейді. Каталониялық клуб Суареспен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуға дайын, өйткені әлеуетті сатып алушыларды ойыншының трансферлік құны қорқытуда. Transfermarkt интернет-порталы 33 жастағы шабуылшыны 28 миллион еуроға бағалады.
2019/2020 маусымда шабуылшы 36 кездесу өткізіп, 21 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET