«Барселона», «Реал» және «Интер» секілді клубтарда атағы шыққан португалиялық Луиш Фигу Йозеп Блаттердің орнына ФИФА президенті болу үшін сайлауға қатысады.
42 жастағы бұрынғы футболшы бұл туралы өз ойымен бөлісті: «Мен әлем футболының адамдарымен сөйлестім. Ойыншылар мен басқа да адамдар бір нәрсені өзгертетін уақыт келгенін айтады. Мен 2014 жылғы Бразилиядағы әлем чемпионатында болдым, сол жақтағы тұрғындардың бұл ұйымға қандай көзқараста екенін көрдім...
Блаттер 1998 жылдан бері ФИФА-ны басқарып келе жатқанын білемін, оны қолдайтын адамдардың көп екенін де түсінемін. Бұл – мен үшін жаңа бастама. Адамдарды мені қолдап, маған дауыс беруге көндіруге тырысамын».