Алматылық "Қайраттың" қорғаушысы Луиш Мата 2025 жылғы маусымды бағалап, команданың қатарынан екінші рет ел чемпионы атанған сәтін өзінің каррьерасындағы, және клуб тарихындағы ең ерекше кезең деп атады.
28 жастағы Португалиялық футболшы Legalbet.kz порталына берген сұхбатында:
"Мен өте бақыттымын. Бұл – менің де, клубтың да тарихындағы ең үздік маусым. "Қайрат” алғаш рет екі маусым қатарынан чемпион атанды. Сонымен қатар, біз тұңғыш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықтық. Бұл – арманымыз еді, біз соған қол жеткіздік.” – деді ол.
Мата сондай-ақ чемпион анықталған сәттің соңғы турға дейін созылған себебін де түсіндірді. Оның пікірінше, Еурокубоктардағы тығыз ойын кестесі команданың ішкі біріншіліктегі нәтижесіне әсер еткен:
"Егер біз Еурокубоктарға қатыспаған болсақ, чемпиондықты ертерек қамтамасыз етер едік деп ойлаймын. Бірақ, бәрібір бүгінгі ойын ерекше болды. Өз алаңымызда, өз жанкүйерлеріміздің алдында чемпион атану – керемет сезім. Маусымның осылай аяқталуы – нағыз ертегі секілді финал болды.” – деді қорғаушы.