uefa.com
"Қайрат" қорғаушысы Луиш Мата "Копенхагенмен" болатын ойын алдында пікір білдірді, деп хабарлайды, Aladop.kz.
Португалиялық қорғаушының айтуынша команда матчқа толық дайын.
"Соңғы 20 күнде командамызды физикалық тұрғыдан мүмкіндігінше жақсы дайындауға тырыстық. Қазір бабымыз мықты, маусымды чемпион ретінде аяқтадық. Сондықтан бұл ойынға толық дайынбыз және бұл дайындық сәрсенбі күні алаңда көрініс табады деп ойлаймын.” – деді Мата.
Чемпиондар лигасының 5-тур аясындаға “Копенхаген” – “Қайрат” матчы бүгін түнде Астана уақытымен 22:45-те басталады.