Луиш Мата: “Реал” – әлемдегі ең мықты команда”

01.10.2025, 01:31

"Қайрат" - "Реал" (0:5) матчынан кейін Португалиялық футболшы Луиш Мата Aladop.kz сайтының құрылтайшысы Ермұхамед Мәуленнің сұрақтарына жауап беріп, ойын жайлы өз пікірін білдірді.

Луиш Мата: “Реал” – әлемдегі ең мықты команда”

Луиш Мата:

"Бұл біз үшін өте ауыр ойын болды. Алғашқы таймда 1:0 есебімен аяқталды, бірақ бізде де есеп ашуға мүмкіндіктер болды. Егер "Реалға” қарсы ойында өз мүмкіндігіңді пайдалана алмасаң, жазасы ауыр болады. Екінші таймда төрт гол жібердік – бұл тым көп. Дегенмен әрбір ойыншы үшін үлкен тәжірибе болды. Енді біз алға қарауымыз керек. Келесі қарсыласымыз – Кипрлік "Пафос”. Сол матчта жеңіске жету біздің басты міндетіміз. "Реал” – ұлы клуб, бірақ 5:0 тым ауыр нәтиже деп ойлаймын.

Менің ойымша, "Реал” – әлемдегі ең мықты команда. Мбаппе – өте керемет футболшы, бүгін үш гол соқты. Мұндай деңгейдегі қарсыласқа қарсы ойнау оңай емес. Бірақ біз де сапа мен ынтамызды көрсеттік. Бірінші таймда 1:0 болды, содан кейін біз аздап шаршадық, нәтижесінде бес гол жібердік. Бірақ ең бастысы – біз мұнда тек суретке түсу үшін немесе жейде ауыстыру үшін келген жоқпыз. Біз Қазақстан мен "Қайрат" жанкүйерлеріне жеңіс сыйлау үшін келдік. Барлық жанкүйер лайық, сондықтан келесі ойында бар күшімізді саламыз."

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×