Луиш Нани Алматыда жүр? Португалиялық футболшының трансфері туралы тың ақпарат айтылды

Бүгін, 18:11

Бізге келіп жеткен инсайд бойынша Луиш Нани 27-қаңтарда Алматы қаласына ұшып келеді. 

Луиш Нани Алматыда жүр? Португалиялық футболшының трансфері туралы тың ақпарат айтылды
Луиш Нани

Осыдан кейін португалиялық футболшы мен “Ақтөбе” арасында келіссөздер жүреді. Айта кетейік, осыған дейін отандық біраз ақпарат көздері “МЮ” пен Португалия құрамасының аңызын ақтөбелік клубпен байланыстырған. Л. Нани “қызыл-ақтар” жейдесінде бір жыл өнер көрсетуі мүмкін делінген. Команда мен футболшының өкілдері тіпті жеке келісімшарттың жай-жапсарын да талқылап, өзара мәмілеген келген ұқсайды. Егер бұл трансфер жүзеге асса, ҚПЛ тарихындағы рекордтық ауысым болуы ықтимал. 

39 жастағы футболшы былтыр мансабын аяқтағанын мәлімдеген. Алайда, соңғы ақпараттарға сәйкес 2016-жылғы Еуропа чемпионы 13 айдан кейін жасыл алаңға оралуды жоспарлап отырған сыңайлы.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×