Лука Модрич 12 млн. еуроға жаңа үй алды (фото)

14.12.2019, 19:50
Лука Модрич 12 млн. еуроға жаңа үй алды (фото)

"Реал" жатылай қорғаушысы Лука Модрич Мадридтегі кілең ығай мен сығай тұратын Ла Моралеха шағын ауданынан жаңа саяжай сатып алып, отбасымен сонда көшіп үлгерген.

Vanity Fair порталының хабарлауынша, 12 млн. еуро. тұратын жер телімі 10 мың шарты метр, ал үй 2 700 шарты метрді алып жатыр. Жалпы үйде 9 жатын бөлме, 9 ванна, массаж бөлмесі, жаттығу залы, 10 көлікке арналған гараж бар. Сонымен қатар, жертөледе 18 адамға арналған кинотеатр, сауық кешін өткізуге арналған бөлме мен балаларға арналған ойын бөлмесі орналасқан.

Лука Модрич купил дом, в котором 9 спален и кинотеатр на 18 мест (+Фото) - изображение 3

Лука Модрич "галактикос" жейдесінде 2012 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді. Осы аралықта ол 208 ойында доп теуіп, 14 гол салған. Ал 2018 жылы хорват "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алған-ды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×