Лукас Африко: “Габаладан” “Қайратқа” ауысу — мен үшін үлкен белес”

Бүгін, 10:05

Алматылық "Қайраттың" Бразилиялық қорғаушысы Лукас Африко жаңа клубына бейімделуі және мансабындағы қиын кезеңдер туралы ой қозғады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Лукас Африко: “Габаладан” “Қайратқа” ауысу — мен үшін үлкен белес”

Футболшының айтуынша, Әзербайжанның "Габала” клубы төменгі лигаға түсіп кеткеннен кейін, Чемпиондар лигасында тәжірибесі бар "Қайрат" сияқты азулы командаға ауысу ол үшін үлкен мәртебе.

"Мұндай деңгейдегі ұжымға қосылу — әрбір футболшы үшін ұмытылмас оқиға. Мен өте бақыттымын. Өмірде өрлеу мен құлдырау қатар жүреді. Сәтсіздікке кезіккенде бәрінен түңілуге немесе басты тік ұстап, алға жылжуға болады. Менің басты мотивациям — Құдайға деген сенімім мен тынымсыз еңбегім.” — дейді қорғаушы Azerisport.com сайтына берген сұхбатында.

Африко өзі өнер көрсеткен командалардың тағдырына әлі де алаңдайтынын жеткізді:

Ол бұрынғы клубы “Габаланың” ойындарын әлі де бақылап отырады және биылғы маусымда табыс тілейді.

Португалия мен Түркия біріншіліктерінде ойнаған қорғаушыға Әзербайжанның өзге клубтарынан да ұсыныстар түскен. 

Лукас Африконың пайымдауынша, кез келген қиын жағдайда еңбек етуді тоқтатпау және позитивті көзқарасты сақтау — жетістіктің басты кілті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×