Лусио карьерасын аяқтады

04.02.2020, 23:22
Лусио карьерасын аяқтады

Бразилиялық қорғаушы Лусио үлкен футболдағы карьерасын аяқтады.

41 жастағы футболшы Еуропада «Байер», «Интер», «Бавария», «Ювентус» ұжымдарында өнер көрсеткен. Осы аралықта Германия, Италия чемпионаты мен Кубогын, Чемпиондар лигасын, Клубтар арасында әлем чемпионатында топ жарған. Ал Бразилия құрамасы сапында 2002 жылы Әлем чемпионы, 2005,2009 жылғы Конфедерация Кубогының иегері. 2019 жылдан осы күнге дейін Бразилияның Д сериясындағы (жартылай кәсіби) «Бразилейнсе» командасында ойнаған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×