Любконың не ойлағаны бар?..

31.01.2012, 22:24
Любконың не ойлағаны бар?..
[caption id="attachment_9909" align="alignleft" width="200" caption="Любко Петрович"][/caption]  «Тараз» футбол клубы күні кеше ғана Түркиядан оралды. Оқу-жаттығу жиындарын өткізген жамбылдық футбол ұжымының су жаңа сербтік бас бапкері Любко Петрович биылғы біріншілікте өнер көрсететін он жеті аяқдопшының есімін жариялады. Олар –  Андрей Цветков, Мирослав Лечич, Эрсин Мехмедович, Андрей Шабаев, Невен Вукман, Абдуллаи Диакате, Мадияр Муминов, Александр Кучма, Эдуард Сергиенко, Иван Перич, Сенидин Оштракович. Сондай-ақ, бұрынғы құрамның қатарынан алты аяқдоп шебері де өз орындарын сақтап қалды. Олар – Нұртас Кургулин, Бауыржан Шерхан, Бауыржан Исламхан, Бауыржан Байтана, Вячеслав Соболев және Ерзат Кенбаев. Өздеріңіз де байқаған боларсыздар, осы 17 ойыншының он екісі өзге ұлт өкілдерінен. Бұл ойыншылардың саны алдағы уақытта тағы да өсе түсетіндігі анық. Себебі, 17 ойыншымен ешқандай клуб біріншілікте биік бағындыра алмақ емес. Қашанда қазақы қаймағы бұзылмаған Жамбыл жерінен талантты футболшылар шықпай қалған жоқ. Сейілда Байшақов, Нүркен Мазбаев, Ерлан Елеусінов, Азамат Ниязымбетов сынды Тараз топырағынан түлеген дарынды аяқдоп шеберлерінің бүгінде ізін ала Ұлан Қонысбаев секілді ала допты ұршықша иірмесе де, барынша бағындырып, көпшілікті азды-көп тамсандырып жүрген жергілікті ойыншылар баршылық. Жаңа жылдан бастап бапкерлікке кіріскен сербтік бапкер келген кезде-ақ сырттан келетін ойыншыларға көп сенім артатындығын айтып еді. Дегенмен, дәл мұндай көзсіздікке барудың керегі қаншалықты екен деген ойға қалып отырмыз. Ертеңгі күні бір-бірімен түсінісу үшін де біршама уақыт кететіндігі тағы бар. Чемпионат басында өткен жылғы біріншіліктегідей ұпай жоғалтып жатсақ, тағы таңдана қоймаспыз. Бірақ кім біледі... Бұл бапкердің бір ойлағаны бар шығар. www.kultobe.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×