Мадридтік «Реал» ойыншысы Асенсио клубтық әлем чемпионатындағы сәтсіз ойыннан кейін жанкүйерлерге үндеу жасады

11.07.2025, 19:52

Мадридтік «Реалдың» орталық қорғаушысы Рауль Асенсио клубтық әлем чемпионатынан шығып қалғаннан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Еске сала кетейік, 22 жастағы футболшы топтық кезеңдегі «Пачукамен» өткен матчта (3:1) алаңнан қуылған болатын, сондай-ақ жарыстың жартылай финалында ПСЖ-мен кездесуде (0:4) нәтижелі қателікке жол берді.

Мадридтік «Реал» ойыншысы Асенсио клубтық әлем чемпионатындағы сәтсіз ойыннан кейін жанкүйерлерге үндеу жасады
Рауль Асенсио

«Мадридистер, маусым — менің әлемдегі ең үздік клубтың бір бөлігі болу арманым орындалған жыл — мен қалағандай аяқталмай тұр. Жаңа талаптарды әлі де толық меңгермегендеймін, дегенмен енді аздап тынығып, қайта күш жинауым керек. «Бернабеуге» қайта оралатын күнді асыға күтіп жүрмін», — деп жазды Асенсио.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Реал Мадрид
Aladop Youtube
×