“Маған басқа типтегі қақпашы керек” — Луис Энрике Доннарумманы “ПСЖ” құрамынан не үшін алып тастағанын түсіндірді

15.08.2025, 15:00

“Париж Сен-Жермен” бас бапкері Луис Энрике УЕФА Суперкубогы аясында “Тоттенхэмге” қарсы өткен матчтың құрамынан Джанлуиджи Доннарумманы не себепті шеттеткенін түсіндірді.

“Маған басқа типтегі қақпашы керек” — Луис Энрике Доннарумманы “ПСЖ” құрамынан не үшін алып тастағанын түсіндірді

"Доннарумма құрамнан алынды, бұл менің шешімім. Бұған 100% өзім жауаптымын. Маған басқа типтегі қақпашы керек, сондықтан осындай шешім қабылдадым. Джиджо әлемдегі ең үздік қақпашылардың бірі.” — деді Энрике.

Айта кетейік, "ПСЖ” жақында “Лилль” қақпашысы Люк Шевальені қатарға қосқан болатын. Осылайша Испаниялық бапкер команданың жаңа негізгі қақпашысын таңдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×