Магомед Адиев: «90 минут бойы концентрацияны жоғалтпауымыз керек»

18.08.2021, 22:53
Матч ертең «Астана Арена» стадионында өтеді.
Магомед Адиев: «90 минут бойы концентрацияны жоғалтпауымыз керек»

«Шахтер» ФК бас бапкері Магомед Адиев «Маккаби Тель-Авивпен» (Израиль) болатын матч алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

- Біз осы кезеңге жеткенімізге өте қуаныштымыз. Біз осы айналымға жету үшін жұмыс істедік. Біз үшін үлкен прогресс болып саналады. Ойынға келетін болсақ, бізді қиын текетірес күтіп тұр, қарсылас оңай емес. Мен айтқанымдай, «Маккаби» - бұл тәжірибелі команда, олармен ертеңгі матчта да, қарымтада да 90 минут бойы концентрацияны жоғалтпай ойнауымыз керек. Біз өз футболымызды көрсетуге, абыроймен ойнауға тырысамыз.

- Жарақат алғандар мен ойынға қатыспайтындар бар ма?

- Өкінішке орай, біздің командада ойынға қатыспайтын ойыншылар бар. Жарақатына байланысты Тошев пен Чочиев қатыса алмайды. Рустемовичте де кішігірім мәселелер бар, ол кешегі жаттығуды жіберіп алды. Бізде тағы бір күн бар. Габышевтің де бұл ойынға қатысуы күмән туғызып тұр.

«Шахтер» ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×