Магомед Адиев "Ахматтың" бас бапкері

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
05.04.2024, 09:28

Бір-екі-ақ күн ішінде Магомед Адиевтің жаңа жұмыс орны белгілі болды. Ресейлік маман енді Грозный қаласының "Ахмат" клубын жаттықтырады.

Магомед Адиев "Ахматтың" бас бапкері

Бұл туралы "Чемпионат" сайты өзінің сенімді дерек көздеріне сүйеніп мәлімдеген болатын. Қазақстан Ұлттық құрама командасының бапкеріне дейін Грозныйлық команданы былтырғы жылдың тамызынан бері Мирослав Ромащенко жаттықтырып келген. Магомед Мұсаұлы бұған дейін де "Ахматта" жұмыс істеген. Ол кезде бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарғаны белгілі. 
Естеріңізге сала кетейік, "Ахмат" РПЛ-дің 21 турынан кейін 12-ші сатыда тұр. Грозныйлық клуб қоржынында 20 ұпай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×