Магомед Адиев: «Бұл ойында әлі ештеңе анықталған жоқ»

20.08.2021, 15:37
Қарымта ойын 26 тамыз күні Израильде өтеді.
Магомед Адиев: «Бұл ойында әлі ештеңе анықталған жоқ»

Қарағандылық «Шахтердың» бас бапкері Магомед Адиев Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі «Маккаби Тель-Авивке» қарсы өткен алғашқы ойын (1:2) туралы пікір білдірді:

- Бірінші таймда қарсылас ойынды өз қолдарыға алды. Позициялық шабуылдарды көп жасады. Біз доппен нашар ойнадық және допқа таластарда жеңілдік. Бірақ біз осыны күткен едік. Алдыңғы Конференция лигасының ойындарында да «Маккаби» допқа көп иелік етті. «Спартак Трнава» да доппен нашар ойнаған еді. Осыған дейінгі кездесулерде біздің қарсыласымыз екінші таймда соншалықты белсенді болмады және мүмкіндіктеріміздің екінші таймда көбірек болатынын түсіндік. Негізінде, бірінші таймда неғұрлым белсенді ойнағымыз келді, бірақ біздің жоспарымыз іске асып жатты. 

Үзілісте белгілі бір түзетулер жасалды. Тағы да қайталап айтамын, алғашқы 10-15 минутта қарсылас белсенді болады, содан кейін ойынның қарқындылығы төмендейді, сонда біз өз мүмкіндігімізді пайдалануымыз керек. Солай болды да, бірақ екі минут ішінде жіберіп алған екі гол, әрине, матчтың нәтижесін құртты. Жіберіп алған голдарға көңіліміз толмайтыны анық. Бұл босаңсығаннан болды деп ойламаймын. Керісінше соғылған гол бізді жігерлендірді. Менің ойымша, біз концентрацияны жоғалтып алдық. Мұндай голдарды жібермеуіміз қажет.

- Қарымта ойында қалай ойнауды жоспарлап отырсыз?

- Біз әлі ойындамыз. Бұл текетіресте әлі ештеңе анықталған жоқ. Біз мұны румыниялық командамен болған ойында дәлелдедік, ол кезде бәрі бізді есептен шығарып тастаған еді. Біз қарымта ойынға дейін берілейін деп тұрған жоқпыз. Біз бұл қиын ойынға дайындаламыз. Иә, олар фаворит болып саналады, ойынға дейін де солай болды. Бірақ бәрі алаңда шешіледі. Біз алаңға шығып, ойнаймыз. Мұны қалай істейміз? Бұл сұраққа қазір жауап беруге дайын емеспін. Бізге бұл ойынды терең талдау қажет, ал бірнеше күннен кейін мен қарымта ойында қалай ойнайтынымызды түсінетін боламын.

- Умаев «Колосқа» қарсы матчта жақсы ойнады, бүгін гол соқты. Ол алғашқы минуттардан бастап ойнауға әлі дайын емес пе?

- Менің ойымша, әлі дайын емес. Оны не үшін шақырғанымды және оның әлеуетін жақсы білемін. Себебі онымен бірге «Ахмат» жастар командасында жұмыс жасадым. Менің ойымша, ол қазір оңтайлы формада емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×