Магомед Адиев: “Федерациямен арада ешқандай кикілжің жоқ”

Құрама бапкері Магомед Адиев ешқандай командамен келіссөз жүргізбегенін айтты.

Магомед Адиев: “Федерациямен арада ешқандай кикілжің жоқ”

"Федерация президенті Әділет Назарбайұлымен соңғы болып жатқан мәселелер бойынша қысқаша әңгімелестік. Грекияға қарсы ауыр ойыннан кейін жалпы ортаға салып талқылайтын уақытта болмады. Матчтан кейінгі эмоциялар басылсын. Жазда өтетін кездесулерге дейін барлығын өз орнына келтіреміз деген үміттемін. Айтқым келгені, федерациямен арамызда ешқандай кикілжің жоқ. Мен ешқандай командамен келіссөздер жүргізген жоқпын. Қазақстан құрамасымен талай белесті бағындырдық. Осындай ұсақ-түйектерге бола қызметімнен кете салар менде ой тумаған екен”. 

Еске салайық, наурыздың 26-нан 27 қараған түні Қазақстан құрамасы Люксембургке қарсы жолдастық кездесу өткізеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×