Магомед Адиев: «Гол соғатын мүмкіндіктерді пайдаланып, матч соңында қиналмауымыз керек еді»

11.03.2022, 13:53
Қарағандылық клубтың еншісінде алты ұпай бар.
Магомед Адиев: «Гол соғатын мүмкіндіктерді пайдаланып, матч соңында қиналмауымыз керек еді»

Қарағандылық «Шахтер» командасының бас бапкері Магомед Адиев петропавлдық «Қызыл-Жарға» қарсы өткен ойынды (0:1) қорытындылады:

— Матч екі команда үшін де қиын болды. Бүгін ширақ, кейде біз қалағандай әсерлі ойын болады деп күткенбіз. Матч алдында мен жігіттерге ойынның белгілі бір кезеңі болатынын, оған аздап шыдамдылық таныту керектігін айттым. Менің командам дұрыс жасады деп ойлаймын. Қарсыластың аймағынан қателік тауып, гол соқтық. Шым-шытырық ойынға қарамастан, жеңіске жетіп, нәтижеге қол жеткіздік. Гол соғатын мүмкіндіктерді пайдаланып, матч соңында қиналмауымыз керек еді.

— Екінші ойын қатарынан Роман Мұртазаевты ауыстырып жатырсыз. Ол тоқсан минут ойнауға дайын емес пе?

— Менің ойымша, ол дайын. Бүгін Романың ойыны бірқалыпты болды. Бізде Тәттібаев бар, ол матч соңында гол соғатын мүмкіндіктерді жасай алады. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекше қасиеттері бар және біз оларды пайдалануға тырысамыз. Бүгінге дейін тек екі шабуылшымыз дайын болды. Ал қазір біраз ойыншылар қатардан шығып қалды. Бүгін біздің матчқа арналған тізімді көрген боларсыз, Букорац пен Рүстемович қосалқы құрамда болғанымен, жарақатына байланысты шыға алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×