Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев өзінің бұрынғы қызметі жайлы айтты.
"Қазір Еуропа біріншілігі өтіп жатыр, бірде бір бәсекені толық көргем жоқ. Ашық жараның аузын тырнағандай әсердемін. Қазір Новогорскіде емес, Қазақстан құрамасымен Германиядағы Еурода өнер көрсетуім керек еді дейтін ойлар мазалап жүр. Әсіресе, Словения - Дания кездесуін көңіліме қатты алдым. Қос команданың құрамынан бейне бір туысқандарым ойнап жатқандай боламын, себебі біз бұл құрамаларды бүге-шігесіне дейін зерттеп алған едік",- деді Магомед Адиев.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы ресейлік маманмен Еуро-2024 іріктеуінің тобында Дания, Словения және Финляндиядан кейін төртінші орын алды. Команда турнир жолдамасынан соңғы турға дейін дәмелі болып, тек Словенияға есе жіберіп бар мүмкіндігін мүлт жіберген еді.
Біздің серіктес: FONBET