
Бізге келіп жеткен ақпаратқа сәйкес, Магомед Адиев «Атырауды» тізгіндеуі мүмкін.
Атыраулық клуб басшылығы дәл осы күндері ресейлік маманмен келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді. Айта кетейік, «мұнайшылар» ҚПЛ-2025-тің төрт турынан кейін небары 3 ұпаймен 10-орында келеді. Константин Горовенко жаттықтыратын атыраулық футболшылар осы демалыста «Қайраттан» оңбай ұтылды 1:4. Оған дейін «мұнайшылар» тағы да өзінің алаңында «Ақтөбеге» 0:4-пен есе жіберген болатын.
Естеріңізде болса, Магомед Адиев ҚПЛ-де қарағандының «Шахтерін» жаттықтырған. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының тізгінінде жемісті еңбек етті - ұлттық команда ресейлік бапкердің жаттықтыруымен Ұлттар лигасындағы С дивизионын ұтып, бір дивизион жоғарылады. Сондай-ақ, Еуро-2024 турнирінің финалдық кезеңіне шығудан соңғы сәтке дейін үмітті болды. Алайда, Словениямен болған шешуші ойында есе жіберіп, мүмкіндікті мүлт жіберді. Бұдан бөлек, Ұлттар лигасының тоғыспалы ойындарында Грекиядан ұтылып, тағы бір мүмкіндікті жіберген болатын. Қазақстан құрамасынан өз еркімен кеткен соң М. Адиев грозныйлық «Ахматтың» бас бапкері ретінде қызмет атқарды.
Біздің серіктес: FONBET