Магомед Адиев Қазақстанға қайтып оралмақ. ҚПЛ-дің қай клубын тізгіндейді?

20.03.2025, 19:39

РБ спорт басылымының ақпараты бойынша, Қазақстан ұлттық құрамасының экс-бапкері Магомед Адиев қазақстандық бір клубпен келіссөздер жүргізуде.

Магомед Адиев Қазақстанға қайтып оралмақ. ҚПЛ-дің қай клубын тізгіндейді?
Магомед Адиев

Соны аяқтау үшін ресейлік маман Қазақстанға ұшып келмекші делінген танымал басылымның мәлімдемесінде. 

Естеріңізде болса, Магомед Адиев ҚПЛ-де қарағандының «Шахтерін» жаттықтырған. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының тізгінінде жемісті еңбек етті - ұлттық команда ресейлік бапкердің жаттықтыруымен Ұлттар лигасындағы С дивизионын ұтып, бір дивизион жоғарылады. Сондай-ақ, Еуро-2024 турнирінің финалдық кезеңіне шығудан соңғы сәтке дейін үмітті болды. Алайда, Словениямен болған шешуші ойында есе жіберіп, мүмкіндікті мүлт жіберді. Бұдан бөлек, Ұлттар лигасының тоғыспалы ойындарында Грекиядан ұтылып, тағы бір мүмкіндікті жіберген болатын. Қазақстан құрамасынан өз еркімен кеткен соң М. Адиев грозныйлық «Ахматтың» бас бапкері ретінде қызмет атқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×