Магомед Адиев Қазақстанның Ұлттар Лигасындағы мүмкіндіктері жайлы: көп дүние солармен болатын кездесулерге байланысты

Бүгін, 16:20

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев Қазақстанның Ұлттар Лигасындағы мүмкіндіктеріне тоқталды.

Магомед Адиев Қазақстанның Ұлттар Лигасындағы мүмкіндіктері жайлы: көп дүние солармен болатын кездесулерге байланысты
Магомед Адиев

Ресейлік маман ұлттық құраманың топтан шыға алатын әлеуеті барына сенімді. 

«Күресуге болады деп ойлаймын. Молдова мен Фарер аралдары бізбен деңгейлес. Словакия – фаворит. Көп дүние солармен болатын кездесулерге байланысты. Егер топтан шығамыз десек, онда әрине, оларды өз алаңымызда ұту керек. Қазір Қазақстан құрамасы шабуыл шебінде үлкен әлеуетке ие. Олар шабуылда өздерінің ойынын қойып тастай алады», - деді М. Адиев. 

Қазақстан ҰЛ-да Словакия, Фарер аралдары және Молдова құрамаларымен шеберлік байқасады. Бздің команда Ұлттар Лигасының 2026-2027-жылғы маусымында С лигасының 3-тобында бақ сынайды. Турнир іріктеуіндегі бірінші тур ойындары 24-26-қыркүйекте өтеді.            

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×