Магомед Адиев «Химкиде» үлкен қиындыққа тап болды

17.04.2025, 19:18

Күні кеше ғана ресми түрде «Химкидің» тізгінін ұстаған Магомед Адиев бірден қиын ситуацияға тап болды.

Магомед Адиев «Химкиде» үлкен қиындыққа тап болды
Магомед Адиев

47 жастағы ресейлік маман жаттығуды негізгі команда емес, дубльдің ойыншыларымен жасауда.

Бұл туралы Candidate_Kairov телеграмм-арнасы мәлімдеген болатын. 

«Негізгі команданың футболшылары жалақының түспеуіне байланысты бойкот жариялап, жаттығуға қатысудан бас тартты.

Магомед Адиев бүгін футболшылармен жиналыс өткізген. Бірақ оларды көндіре алмапты. Қазір ойыншылар бас бапкерсіз жеке өздері дайындық жасауда.

«Химки» келесі ойынын 20 сәуірде «Зенитке» қарсы өткізеді», - делінген телеграмм-арнасының жазбасында. 

Магомед Адиевті біраз БАҚ «Атыраумен» және ресейлік «Пари НН» клубтарымен байланыстырған. Бірақ соңғы сәтте Магомед Мұсаұлының таңдауы мәскеулік ұжымға түскен еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×