Магомед Адиев «Химкидегі» алғашқы сұқбатын берді

17.04.2025, 12:54

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев «Химки» клубының тізгінінде өзінің бірінші сұқбатын берді.

Магомед Адиев «Химкидегі» алғашқы сұқбатын берді
Магомед Адиев

Ресейлік маман мәскеулік клубтың баспасөз-қызметіне берген сұқбатында команда басшылығының тапсырмасы мен мақсаттары жайлы әңгімеледі.

«Химки басшылығымен серіктестік жөнінде келісімге келе алғанымызға қуаныштымын. РПЛ-дегі орынды сақтап қалу тапсырмасы оңай емес, алайда бар ынта-жігеріммен кірісе отырып, жүктемені орындауға ниеттімін. Футболшылар мен клуб басшылығымен бірлесе ортақ мақсатқа жетеміз деп үміттенемін», - деді М. Адиев.

Айта кетейік, осыған дейін Магомед Мұсаұлы «Атырауды» тізгіндеуі мүмкін делінген. Сондай-ақ, тағы бір ресейлік команда «Пари НН» клубы да Магомед Адиевпен келісімге келуді көздеді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×