Магомед Адиев «Химкиді» тізгіндемек

14.04.2025, 16:08

Қазақстан құрамасы мен грозныйлық «Ахматтың» бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев мәскеулік «Химки» клубының бас бапкері атануға жақын.

Магомед Адиев «Химкиді» тізгіндемек
Магомед Адиев

Бұл туралы Инсайды от Карпа телаграмм-арнасы мәлімдеген еді.  

«Артига Химкиден кететін болып жатыр – оның орнына Адиев келеді. ЭФБ-дегі әріптестер мәскеуліктердің бас бапкері орнынан кетуі мүмкін деуде. Менің мәліметтеріме сәйкес, мұндай шешім қабылданып қойған және бүгін ол туралы жарияланады. Химкидің жаңа бапкері болып Адиев тағайындалмақ. «Пари НН» «Динамодан» жеңілген жағдайда Гончаренконың орнын басады деп болжаған Адиев енді басқа бағытта кететін секілді. Сондықтан, Махачкала мен Самараға жалпы  2:7-мен ұтылған соң – Туфан Адиевті өзіне алмақшы. 47-жастағы ресейлік маманмен маусым соңына дейін келісімшарт жасалмақ», - делінген телеграмм-арнасында.

Естеріңізде болса, осыған дейін біраз БАҚ-та Магомед Адиев «Атырауға» келуі мүмкін деген мәліметтер тараған. Бірақ соңғы ақпаратқа сай, ресейлік маман өз отанында қалуға шешім қабылдапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×