Магомед Адиев: «Клуб басшысымен сөйлесіп, жұмыстан кету туралы арыз жазамын»

24.04.2022, 18:41
Бас бапкер командада шешілмеген мәселелерге наразы болып отыр.
Магомед Адиев: «Клуб басшысымен сөйлесіп, жұмыстан кету туралы арыз жазамын»

«Шахтердің» бас бапкері Магомед Адиев Премьер-лиганың жетінші турында «Ақжайықпен» бооған ойынды (0:1) қорытындылады:

- «Ақжайықтың» өте табанды команда екенін білдік. Өкінішке орай, бірінші таймда біз допты тым ұзақ алып жүрдік. Бірақ өзіміз қалаған аймақтарға жеткізе алмадық. Осыған орай, қапталдарды ашып, бос аймақтарды табу үшін екінші таймда ауысымдар жасадық. Содан кейін ғана мүмкіндіктер пайда болды, бірақ «Ақжайық» жақсы шабуыл ұйымдастырып, гол соқты. Менің ойымша, біз жақсы матч өткізе алмадық.

- Мүмкіндіктерді пайдаланудан басқа, командаға не жетіспеді?

- Менің ойымша, бізге командада белгілі бір эмоциялар жетіспейді. Бұл ойында ғана емес, жаттығу процесінде де сезіледі. Командаға қысым жасайтын белгілі бір проблемалар бар, осыған байланысты біз жаттықтырушылар ретінде одан шығудың жолын іздеп жатырмыз. Бүгін киім ауыстыратын бөлмеде де, қазір де жігіттерге бас бапкер ретінде жауапкершілікті өз мойныма алатынымды айтқым келеді, өйткені эмоциялар бар ма, жоқ па, кез келген жағдайда командаға мен жауаптымын.

Бүгін клуб басшысымен сөйлесіп, жұмыстан кету туралы арыз жазамын. Негізінде, мен командада қиындықтардың бар екенін және алысқа бармайтынымызды түсініп, бірінші турдан кейін осылай жасаған едім. Өкінішке орай, олар мені естімеген шығар, бірақ менің басшылық алдында өз міндеттерім болғандықтан, кете алмадым. Біз көп нәрсені бірге жасадық және жасап жатырмыз. Бірақ әрқашан бапкердің кетуін қажет ететін сәттер болады. Нәтиже жоқ, сондықтан басшылық арызымды қанағаттандырады деген үміттемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×