
Магомед Адиев Қазақстан құрамасы мен «Зениттің» қорғаушысы Нұралы Әліптің Уэльспен болған ойындағы өнеріне бағасын берді.
«Әліп әлдеқайда жақсы ойнай алады. Ол мұны осыған дейін де көрсеткен. Иә, қазір «Зенитте» ойын тәжірибесі аз болып жүр, оның үстіне жарақатынан жақында ғана айықты ғой. Меніңше, Нурик жақсы кездесу өткізе алған жоқ. Алайда, ол бұдан анағұрлым жақсы ойнай алады. Жақын арада бабына келіп, қайтадан өзінің бұрынғы өнерін көрсететініне сенімдімін», - деді М. Мұсаұлы «Спорт День за Днем» порталына берген сұқбатында.
Нұралы Әліп РПЛ-24/25 маусымында 13 кездесуге қатысып, бір гол мен бір ассисттің авторы атанды. Ал Уэльске қарсы матчта «Зениттің» қорғаушысы толық ойынды ойнап шықты. Жалпы, 25-жастағы футболшы ұлттық команда жейдесінде 39 ойында өнер көрсеткен. Әліп пен питерлік команданың келісімшарты 2028-жылдың маусымына дейін жарамды.
Біздің серіктес: FONBET