«Шахтердің» бас бапкері Магомед Адиев Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Колосқа» қарсы өткен ойын (0:0) туралы пікір білдірді:
- Матч алаң иелерінің пайдасына басталды - олар шабуылға көбірек күш салды, қысым жасады, бізде допсыз ойнауға мәжбүр болдық. 20-минуттарда біз жағдайды түзедік, ойынға кірістік, гол соғатын мүмкіндіктерді жасай бастадық. Екінші таймды қалыпты түрде бастадық. Қарсылас қысым жасауын тоқтатпады, бізде ойын болды, бірақ бір ойыншымыздың қызыл қағаз алуына байланысты шабуыл жасай алмадық, қорғаныс туралы көбірек ойлап, гол жіберіп алмау үшін ойнадық.
- Қарымта ойында ең маңыздысы не болмақ?
- Ең бастысы - жеңіс. Бұл үшін екі команда да барын салатын болады. Біз жақсы дайындалуымыз керек, қалай әрекет ету керектігін ойлануымыз керек. Тепе-теңдікті сақтайық. Көңіл-күй көтеріңкі болады. Мен фаворит пен аутсайдер рөлі туралы айтпас едім, матч алдында мен тең ойын туралы ойладым. Біз ойнаймыз және күш саламыз, нәтиженің қалай болатынын көре жатармыз.
- Ротация бола ма?
- Кубоктік ойынды кейінге қалдырғанына қуаныштымын. Бізің кестеміз тығыз, сондықтан алдағы қарымта матчқа бес күндік микроциклмен дайындаламыз.
Біздің серіктес: FONBET