Магомед Адиев: «Матч ойлағанымыздай болды»

06.03.2022, 16:36
«Кеншілер» алғашқы матчта тең ойнағанымен, үш ұпайға ие болды.
Магомед Адиев: «Матч ойлағанымыздай болды»

«Шахтердің» бас бапкері Магомед Адиев «Астанамен» (0:0) болған ойынға қатысты пікірін білдірді:

- Жақсы ойын болды. Ойын күткеніміздей болды. Матчтың басында басымдық қарсыластарда болды, ал біздің жақтан сәл сылбырлық байқалды. 20-шы минуттан кейін біздің командада мүмкіндіктер пайда болды, алғашқы тайм аяқталар тұста қарсылас қақпасына жақсы шабуылдар жасай алдық. Өкінштісі, гол сала алмадық.

Екінші таймда «Астана» қысым көрсете бастады, ойынды өз бақылауына алды, дегенмен біздің қақпаның алдында айтарлықтай қауіпті сәттер болды деп айта алмаймын. Бәлкім, тең нәтиже бір жағынан әділ болған шығар, бірақ айта кету керек, біздің команданың қарсы шабуылдарда жасаған сәттері әлдеқайда қауіпті болды және гол салып, жеңіске жете алатын мүмкіндігіміз жоғары болды.

- Негізгі шабуылшы ретінде Роман Мұртазаевты пайдалану ойыңызда бар ма? Әлде ол бүгінгі қарсыласқа байланысты негізгі құрамда шықты ма?

- Біз чемпионатқа өте қысқа құраммен келдік, біздің өтінімге қарасаңыз, қосалқы құрамда тек жастар мен бір жыл бойы ойнамаған футболшылардың бар екенін көресіз. Сондықтан Аветисян, Ковталюк, Хозиннің жарақатына байланысты жоқтығы қатты байқалады. Біз чемпионатқа үш шабуылшымен келдік: Тәттібаев, Мұртазаев және жарақат алған Ковталюк. Дені сау екі ойыншының арасында таңдау жасадық, әрқайсысының қабілеттерін білеміз және бұл ойында Мұртазаев көбірек қажет болды, ал Айдостың басқа да күшті қасиеттері бар. Бұл жерде қарсыласымызға байланысты таңдау жасадық.

- Романның бұрынғы командасына қарсы ойнауы осы таңдауыңызға әсер етті ме?

- Шынымды айтсам, бұл туралы ойлаған жоқпын. Әдетте, иә, осы жағдаймен байланысты болады, бірақ менде мұндай ой болған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×