Магомед Адиев: «Менің және бірқатар ойыншылардың болашағы Қазақстан Кубогіндегі нәтижемізге байланысты болмақ»

23.10.2021, 18:53
«Кеншілер» бар күшін Қазақстан Кубогіндегі ойындарға салады.
Магомед Адиев: «Менің және бірқатар ойыншылардың болашағы Қазақстан Кубогіндегі нәтижемізге байланысты болмақ»

«Шахтердің» бас бапкері Магомед Адиев Vesti.kz сайтына берген сұхбатында командасының Премьер-лиганың келесі турында неліктен негізгі құраммен ойнамайтынын, қарағандылық ойыншылардың маусымдағы ойынын қалай бағалайтынын және командадағы қаржылық жағдай туралы айтып берді.

- Магомед Мусаевич, «Тобылмен» болатын матчта командаңыз қосалқы құраммен ойнайды деген ақпарат пайда болды, бұл Кубоктегі «Таразға» қарсы өтетін қарымта ойынға байланысты ма?

- Иә, бұл Кубок матчына байланысты. Бұл шешім мен үшін оңай болған жоқ, өйткені бапкер ретінде чемпионат көшбасшыларының бірімен ойнау және «Тобылмен» салыстырғанда біздің қай деңгейде екенімізді және күшімізді бір тексеріп алу өте қызықты болар еді. Бірақ, өкінішке орай, күнтізбені, маусымның аяқталуын, кадрлық ресурсты ескере отырып, біз «Тобылға» қарсы қосалқы құраммен ойнауды жөн көрдік.

Бастапқыда мен клуб басшыларынан 24 қазанға чартерлік рейс дайындауын өтіндім, сонда ойын күні ұшып, кейін бірден қайтып оралатын едік. Егер мұндай мүмкіндік болса, онда біз міндетті түрде негізгі құраммен ойнайтын едік.

- Сіздің позицияңыз түсінікті. Бірақ, керісінше, чемпиондық атақ үшін күресіп жатқан «Тобылдың» жұмысын жеңілдетіп жатқаныңызды түсінесіз бе?

- Шынымды айтсам, мені «Тобыл», «Астана», «Қайраттың» мақсат-міндеттері алаңдатпайды - бұл мықты командалар. Әр клубтың өз міндеттері бар, атап айтқанда, «Шахтерде» маған, ойыншыларға қойылған міндеттер орындалуы тиіс. Менің шешімім «Тобылдың» тапсырмасын жеңілдетуімізге байланысты емес.

– Қазір басшылық тарапынан Қазақстан Кубогін жеңіп алу деген нақты мақсат қойылғаны рас па?

- Мен Қазақстан кубогінде жеңіске жетеміз деп мәлімдеме жасағым келмейді. Әрине, мен кәсіби жаттықтырушы ретінде, кез келген бапкер сияқты, титулдарды, соның ішінде Қазақстан кубогін де жеңіп алғым келеді. Бірақ біз алдағы жағдайлар туралы айтқымыз келмейді, қазір «Тараздан» өтіп, жартылай финалға шығу міндеті қойылды. Әрі қарай не болатынын көре жатармыз, бірақ жартылай финалға өту үшін барымызды саламыз.

- «Шахтердегі» болашағыңыз Кубоктегі нәтижеге байланысты ма?

- Менің ғана емес, бірқатар ойыншылардың да тағдыры осыған байланысты. Бірақ ең бастысы, «Шахтердің» болашағы Кубоктегі нәтижеге байланысты. Біз аталмыш турнирде неғұрлым жақсы ойнасақ, келесі жылдың бюджеті мен соған сәйкес клубтың алдына қандай міндеттер қоятынын түсінетін боламыз.

- Бұған дейін «Шахтердің» ойыншылар мен бапкерлер штабына берешегі бар екені хабарланған болатын. Клубтың қазіргі қаржылық жағдайы қандай?

- Иә, дұрыс айтасыз, қазір көптеген клубтар сияқты жалақы кешіктірілуде. Осындай тұрақсыз жағдайда Қазақстан Кубогін жеңіп алсақ, бұл клубтың қарызынан тезірек құтылуына мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.977
Ничья
4.015
П2
3.69
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.927
Ничья
3.935
П2
3.955
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.497
Ничья
5.04
П2
6.26
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.32
Ничья
3.61
П2
2.233
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.81
П2
2.894
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.01
Ничья
3.81
П2
1.945
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Aladop Youtube
×