Магомед Адиев: «Төлқұжат алып жатса - қарастырамыз»

03.02.2023, 00:41
Магомед Адиев: «Төлқұжат алып жатса -  қарастырамыз»


Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев, ресейлік футболшы Александр Зуевтың Қазақстан Республикасының азаматтығын алып,құрама командада ойнағысы келетіні туралы айтылып жүрген сыбысқа, өз ойын білдірді, - деп хабарлайды Sport24.

"Зуевті әзірге құрама командаға үміткер деп айтуға ерте. Иә Александрдың азаматтық алғысы келіп жүргенін естідім. Егер ол барлық төлқұжаттарын алып жатса, онда бізде оны үміткер ретінде қызығушылықпен қарастырамыз. Әзірге оның азаматтығы жоқ, сол себептен бұл жағдай талқылауға келмейді".

Александр Зуев Қостанай қаласында дүниеге келген, "Тобыл" футбол клубының шәкірті болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×