Магомед Адиев: «Тығыз график кезінде команданы жаңа деңгейге шығару мүмкін емес»

21.05.2021, 04:07
Адиев қызметінен кетуі мүмкін деген әңгімелер де пайда бола бастады.
Магомед Адиев: «Тығыз график кезінде команданы жаңа деңгейге шығару мүмкін емес»

Қарағандылық «Шахтердің» бас бапкері Магомед Адиев «Каспиймен» болған ойын жайлы пікір білдірді:

- «Каспий» заңды түрде жеңіске жетті. Біз кейбір ойын компоненттерінде сенімсіз ойнадық, ал қарсыластарымыз тезірек қимылдады, допқа жақсы иелік етті. Біз, әсіресе, бірінші таймда дұрыс ойнай алмадық. Ойын тағдырын шешіп кеткен бірнеше нюанстар болды. Өкінішке орай, бізде онсыз да ойыншылар аз, жарақаттар мен дисквалификациялар болды. Біздің турнирлік кестедегі позициямызды қабылдау мен үшін өте қиын. Бірақ қазіргі жағдайда, шынын айту керек, тығыз график кезінде команданы жаңа деңгейге шығару, әсіресе, функционалды дайындық тұрғысынан мүмкін емес. Шаршап қалатынымыз, бүкіл ойын бойы жоғары деңгейде ойнай алмайтынымыз көрініп тұр. Өкінішке орай, қазір бұл мәселемен айналысуға мүмкіндік жоқ.

Өткен трансферлік терезе кезінде сапалы ойыншылармен толыға алмадық, өйткені ойыншылардың бәрінде келісім-шарт бар, алдағы ауысым кезінде осыны түзетуіміз керек. Басшылық менің қойған талаптарымды және мұның команда үшін қаншалықты қажет екенін біледі. Оған дейін уақыт бар, алда көптеген ойындар бар, сол жерде әркім өзін көрсетуі қажет. Барлығымыз бізді қолдайтын жанкүйерлердің алдында жауаптымыз. Қазіргі уақытта олар күткен дәрежеге сай емеспіз. Бізге тек жұмыс жасап, қиын мәселені шешу қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×