
Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев ұлттық команданың ӘЧ-2026 іріктеуіндегі аяқ-алысына өзінің бағасын берді.
Магомед Мұсаұлының «Спорт день за днем» -ге берген сұқбатында Уэльске қарсы болған бәсекенің нәтижесі де сөз болған.
«Нәтиже құраманың ойынының шыңдалмағанын аңғартты. Қазақстан әлі өтпелі кезеңде секілді. Әлиевтің жаңа футболшыларды шақырып, команданың ойынын түрлендіруге тырысқаны көрініп тұр. Бұл қалыпты жағдай ғой, себебі кез-келген бапкер команданы өзінің көзқарасына сай жасақтайды», - деді ресейлік маман.
Магомед Адиев Қазақстан құрамасымен Ұлттар лигасының В Лигасына жолдама алып, Еуро-2024 іріктеуінде табысты өнер көрсетті. Қазір ресейлік маман жұмыссыз. Біраз БАҚ М. Мұсаұлын ҚПЛ клубтарының бірін тізгіндейді деген ақпарат таратқан.
Біздің серіктес: FONBET