Магомед Адиев Зайнутдиновқа байланысты алаңдатарлық мәлімдеме жасады

10.02.2023, 17:14
Магомед Адиев Зайнутдиновқа байланысты алаңдатарлық мәлімдеме жасады


Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев "РБ Спорт" басылымына берген сұқбатында ЦСКА футболшысы Баха Зайнутдиновтың жарақатына пікір білдірді.

"Тараз" футбол мектебінің түлегі "Оренбургқа" қарсы жолдастық ойында сан бұлшық етінің сіңірін жарақаттап алған болатын.

- Қазір Антальяда жүрмін. Футболшылардың бабын бақылаудамын. "Ахматтағы" Быстров пен Зайнутдиновтың өнерлерін тамашалап қайттым. Өкінішке орай, Бақтиер жарақат алды. Құраманың алдағы матчтарына қатысу-қатыспауы белгісіз. 

- ЦСКА ФК дәрігерлері футболшы жарақатынан төрт-алты аптада айығып кетеді деп топышылап отыр. Зайнутдинов құрама ойындарынан қалыс қала ма?

- Ия, ол мачтарға дейін емделіп үлгере алмайды. Бұндай жарақаттар бір айсыз жазылматыны белгілі. Оның құрамаға келіп қосылуы екіталай. Нұралы Әліпте команданың алғашқы ойынында бізге көмектесе алмайды. Осыны ескерсек, құрамда бірқатар мәселе бар.

Өткен маусымда Зайнутдинов РПЛ аясында 19 ойын өткізді.

Қазақстан ұлттық құрамасы наурыздың 23 және 26 күндері Еуро-2024 турнирінің іріктеу сындарында бақ сынамақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×