Магомед Адиев: «Жарақат алған ойыншылардың барлығы жаттығуға қайта оралды»

05.08.2021, 14:53
Алғашқы матч бүгін Украинада өтеді.
Магомед Адиев: «Жарақат алған ойыншылардың барлығы жаттығуға қайта оралды»

«Шахтер» клубының бас бапкері Магомед Адиев «Колоспен» (Украина) болатын матч алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

- Бізді өте қиын ойын күтеді. Біз қарсыласты білеміз, олардың матчтарын бақыладық, талдадық. Бұл өте жақсы команда, менің ойымша, қарсыластар өздерінің мықты жақтарын қолдануға тырысады, бірақ біз бар күшімізді саламыз, сондықтан бұл қызықты және қиын ойын болады. Астанада өтетін матч осы текетірестің тағдырын шешеді деген сенім бар.

- Командадағы соңғы жаңалықтар туралы айтсаңыз. Барлық ойыншылар келді ме?

- Қазір біздің көңіл-күйіміз жақсы, себебі көптеген ойыншылар жарақаттарынан айығып жатыр. Хозин, Назаренко, Тошев - жарақат алған ойыншылардың бәрі бізбен бірге. Олар әлі біз көргіміз келетін ойынды көрсете алмауы мүмкін, бірақ командалық жаттығуға белсенді түрде қатысуда.

- Жауапты матчты «Астана Аренада» өткізесіздер, мұның себебі неде?

- Әрине, біз өз алаңымызда өз жанкүйерлерімізбен ойнағымыз келді, бірақ, өкінішке орай, біздің стадион Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің матчтарын қабылдауға дайын емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×