Магомед Адиев: «Жігіттердің жанын салып ойнағанына қатысты айтар шағымым жоқ»

24.04.2021, 04:34
«Кеншілер» бүгін жаман ойнаған жоқ. Осы қалпынан таймаса келесі матчта үш ұпай еншілейді.
Магомед Адиев: «Жігіттердің жанын салып ойнағанына қатысты айтар шағымым жоқ»

Қарағандылық «Шахтердің» бас бапкері Магомед Адиев елордалық «Астанаға» қарсы өткен ойын (0:1) туралы пікір білдірді:

- Мұндай матчтарда жеңілу өте өкінішті. Мен бұл ойында өзімізді жеңіліске лайық болдық деп санамаймын. Өкінішке орай, жүзеге асыра алмаған бірнеше мүмкіндіктер болды. Алғашқы 20-30 минутта «Астана» ойынды толықтай өз бақылауына алып, гол соқты. Осыдан кейін матч тең дәрежеде өрбіді және бізде сәтті аяқтай алмаған қауіпті сәттер болды. Жігіттердің жанын салып ойнағанына қатысты ешқандай сын айтпаймын, бірақ әлі де жұмыс істеуді қажет ететін тактикалық кемшіліктер бар. Келесі ойынға дайындаламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×