
Магомед Адиев
Инсайды от Карпа телеграмм-арнасының мәлімдеуінше, Магомед Адиев ресейлік «Пари НН» командасының тізгінін ұстауы ықтимал.
Нижний Новгородтық команданың басшылығы алдағы кездесуде (12-сәуірде мәскеулік «Динамоға» қарсы) қазіргі жаттықтырушы Владимир Гончаренко жеңіске жетпесе, орнынан босатуы мүмкін. Ал оның орнына басты кандидат ретінде Магомед Адиев қарастырылмақ.
Айта кетейік, осыған дейін біраз БАҚ-та Магомед Адиев пен «Атырау» басшылығының ауызша келісімге келгені туралы мәліметтер тарады.
«Мұнайшылар» Константин Горовенконың бас бапкерлігімен ҚПЛ-2025-ті сәтсіз өткізуде - 4 турдан кейін 3 ұпаймен 10-орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET