Магомед Адиев пен "Ақтөбе" арасында келіссөздер қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бейресми мәліметтерге сүйенсек, Aқтөбелік ұжым Pесейлік маманға айына 15 миллион теңге көлемінде жалақы төлеуге дайын. Бұл — Қазақстандық клубтар деңгейіндегі өте жоғары көрсеткіштердің бірі.
Қазіргі таңда Самараның "Крылья Советов” клубын жаттықтырып жүрген Магомед Адиев Астанада "Ақтөбе” өкілдерімен кездескенін растады.
"Иә, мен қазір Астанадамын және "Ақтөбе” өкілдерімен сөйлесіп жатырмын. Олар менің команданы дәл қазір қабылдағанымды қалайды. Алайда менің "Крылья Советов” клубы мен маған сенім артқан директорлар кеңесінің төрағасы Яковлевтің алдында міндеттемелерім бар. Бұл хикаяның қалай аяқталары әзірге белгісіз, бірақ мен жұмысқа жазда кірісу туралы ұсыныс айттым. Мәселенің нүктесі ертең қойылады деп ойлаймын.” — деді Адиев инсайдер Иван Карповқа берген сұхбатында.
Мәліметтерге қарағанда, Адиевтің Самарадан кетуі үшін төленетін өтемақы мөлшері шамамен 4,4 миллион рубльді құрауы мүмкін.
Салыстырмалы түрде айтсақ, қазіргі уақытта Магомед Адиев "Крылья Советов” сапында айына 12,6 миллион теңге табыс табады. "Ақтөбе” ұсынған сома бұдан айтарлықтай жоғары.