Магуайр ақталып шықты

25.08.2020, 19:05
Алдағы уақытта айыппұл төлейтін болады.
Магуайр ақталып шықты

«Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Харри Магуайр енді Грециядағы полиция қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін және пара беруге тырысқаны үшін айыпталмайды, деп хабарлайды Sky Sports.

Енді ойыншыға ұсақ құқық бұзушылықтар үшін айып тағылуда: нақты түрмеге отырудың орнына айыппұл немесе ең нашар жағдайда шартты түрде жаза тағайындалады.

Футболшы Миконос қаласында (Греция) ұсталған болатын. Бұл іс полицияға бағынбау, адамға зиян келтіру, қызметкерлерді қорлау және парақорлық әрекеттері бойынша қозғалды. Магуайрдың адвокаты Константинос Даривас ойыншының айыпты жоққа шығарғанын айтты.

Бұған дейін, Магуайр мен оның достары Миконос барларының бірінде төбелескені туралы хабарланған еді. Оқиға орнына полиция келгеннен кейін Магуайр полицияға шабуыл жасады. Нәтижесінде футболшы мен оның екі досы қамауға алынып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×